Кейінгі күндері әлеуметтік желілерде "Қытай Ресейге тиесілі тарихи жерлерін картаға қосып алған" деген ақпарат тарап жатыр. ҚХР ресми сайттарында "Ашық карталардағы мазмұнды көрсету нормалары" туралы бұйрық жарияланған. Factcheck.kz тілшісі ақпаратты тексеріп көрді, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Біріншіден, ҚХР премьер-министрінің ресми сайтында "Карта мазмұнын көпшілікке ұсыну талаптарының" қаралғаны әрі мақұлданғаны жазылған. Ресеймен шекаралас аймақтағы кейбір қалалардың атауы қытайша көрсетілген. Дегенмен ол жерден ешқандай да картаның сызбасын байқамадық. Тарихи атауларды өз тілінде берудің еш әбестігі жоқ (мысалы, Қазақстан тарихында Оренбург қаласын Орынбор, Омск қаласын Омбы деп атайды). Екіншіден, картада XVII ғасырдағы Цин империясының шекарасы. Тақырыбында "Ерте Цин дәуіріндегі қытай картасы" деп жазылған әрі ешқандай да ресми карта емес. Интернетте осы және ұқсас карталардың түрін тауып алуға болады.
Ақпарат қай тұста бұрмаланды?
Қазақстандық медиа кеңістікте бұл ақпаратты Айгүл Соловьеваның Facebook-парақшасына жариялаған жазбасын байқадық. Ол "Могилизация" Telegram-арнасының мәтінін көшіріп алған. Ақпарат таратушылардың айтуынша, бұл картаны ҚХР билігі ресми бекітіп, Ресейдің Украинамен соғыста жеңілген жағдайда тарихи территорияларын қайтаруға дайындалып жатыр екен делінген. Ақпарат осы тұста бұрмаланды, анти-ресейлік көңіл күйді тудыру үшін жасалған болуы мүмкін. Ал ең алғаш бұл ақпаратты жазған ресейлік блогер Владимир Стечкин Ресейдің Қытаймен шекаралас кейбір қалаларының қытайша атаумен жазылғанын байқап, материал шығарды. Бірақ Стечкин картаны тек мысал ретінде көрсетті. Ал одан кейін көптеген сайт картаны Қытай билігінің астыртын жоспары ретінде таратты.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!