Қытай мен Қырғызстанға жаңа рейстер ашылды. Бұл туралы Көлік министрлігі мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстандық FlyArystan әуе компаниясы Қытай мен Қырғызстан бағыттары бойынша жаңа халықаралық рейстерді іске қосқан.
26 маусымнан бастап әуе компания Ақтау - Үрімші (Қытай) бағыты бойынша тұрақты рейстерді орындай бастады. Рейстер аптасына екі рет, яғни сейсенбі және жұма күндері Airbus A320 әуе кемелерімен орындалады.
Сонымен қатар, 3 шілдеден бастап Астана - Ыстықкөл (Қырғызстан) бағыты бойынша жаңа тұрақты рейстер іске қосылды. Рейстер аптасына екі рет, яғни дүйсенбі, жұма күндері Airbus A320 әуе кемелерімен орындалады.
"Жаңа халықаралық әуе бағыттары ашылуы Қытай және Қырғызстанмен сауда-экономикалық, іскерлік, туристік, гуманитарлық байланысты одан әрі нығайтуға, сондай-ақ, жолаушылар үшін халықаралық сапарлар мүмкіндігін кеңейтуге ықпал етеді", - деп жазылған хабарламада.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз