Қытай мен Қырғызстан шекарасында жер сілкінді

Қытай мен Қырғызстан шекарасында жер сілкінді

Қытай мен Қырғызстан шекарасында магнитудасы 5,6 балл болатын жер сілкінісі сезілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі some.kz сайтына сілтеме жасап.

ТЖМ "СТӘЭ" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 27 ақпанда Алматы уақыты бойынша сағат 5:58-де жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 278 шақырым жерде Қырғызстан мен Қытай шекарасында орналасқан.

"Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 12.1. Магнитудасы - 5.6. Тереңдігі - 10 шақырым", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Алматы уақыты бойынша сағат 3:42-де тағы бір жер сілкінісі тіркелді. Бұл жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 279 шақырым жерде Қырғызстан аумағында орналасқан. Магнитудасы - 5.9. Алматыда 2 балл көлемінде сезілген.

Сағат 08:14-те тағы да жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 276 шақырым жерде Қырғызстан мен Қытай шекарасында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9,4. MPV магнитудасы - 4,2. Тереңдігі - 10 шақырым.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова