Қытай Қазақстанмен арадағы автомобиль өткізу бекеттерін уақытша жауып жатыр. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті ескертті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл ретте шекарадағы теміржол бекеттері әдеттегідей жұмыс істейді.
"Жақын арада Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге байланысты 2024 жылғы 16-17 желтоқсан аралығында Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінде адамдарды, көлік құралдарын және жүктерді өткізу жүзеге асырылмайды", - делінген хабарламада.
Мемлекеттік кірістер комитеті халықаралық тасымалдарды жүзеге асыру кезінде тасымалдаушылар мен басқа да мүдделі тараптарды қысқы кезеңдегі ауа райы мен автожолдардағы қозғалыс шектеулерін ескеруге шақырды.
"Әдетте қолайсыз ауа райы жағдайларына байланысты, әсіресе, Қазақстан-Қытай шекарасында, автомобиль өткізу пункттерінің өткізу мүмкіндігінің төмендеуі мүмкін. Бұл өңірде төмен температура мен екпіні күшті желге байланысты Қытай тарапының белсенділігі азаюы ықтимал", - деп хабарлады ведомство.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!