6 қарашада өткен Бейжің марафонында этникалық қазақ Елеубек Қуанұлы жеңімпаз атанды, - деп хабарлайды қытайлық Guangming Daily газеті.
Бейжің марафоны кейінгі екі жылда пандемияға байланысты өтпеген еді. Биылғы марафонға 20 мыңға жуық адам қатысқан.
Ерлер арасында қытайлық қазақ Елеубек Қуанұлы жеңімпаз атанды. Ол 42 шақырымды 2 сағат 14 минут 34 секундта жүгіріп өткен. Марафоншы өзінің жеке рекордын 5 минутқа жаңартқан. Елеубек Қуанұлы - Синьцзян-Ұйғыр автономиялық ауданының тұрғыны.
Сурет gmw.cn сайтынан
Марафонға қатысушылар Тяньаньмэнь алаңынан бастап, 42 шақырым жүгіріп, Олимпиада паркінде аяқтаған. Қатысушының бәрінде ревакцинация болуы міндеттелген. Сондай-ақ, қатысушылар бір апта Бейжіңде болып, жағдайы туралы хабарлап отырған.
Сурет gmw.cn сайтынан
Айта кетейік, Бейжің марафоны 1981 жылдан бері ұйымдастырылады.
@massaget.kz #бейжің#пекин#марафон#елеубекқуанұлы#елкеубек#рекорд#қазақ#қазақстан#жаңалық#рек#хочуврек ♬ оригинальный звук - Massaget.kz
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!