Қытай ғалымдары кофенің қан қысымына әсерін анықтады

Қытайлық зерттеушілер тобы кофені үнемі тұтыну гипертониясы бар адамдарда деменция қаупін азайтатынын анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Зерттеу Scientific Reports журналында жарияланған.

Ғалымдар құрамында кофеині бар сусындарды ішу мен деменция арасында тікелей байланыс болатынын анықтады. Мұндай жаңалықты табу үшін ғалымдар жарты миллионнан астам адамның денсаулығы туралы мәліметтер базасына жүгінген.

Гипертониямен ауыратын адамдарда деменцияның пайда болу ықтималдығы жоғары екендігі анықталды. Мұндай емделушілердің кофені тұрақты тұтынуы когнитивті бұзылулардың төмен қаупімен байланысты.

Зерттеу авторлары кофеинді сусындар қабынуды азайтады, бұл қан қысымы жоғары адамдарға пайдалы әсер етуі мүмкін деген тұжырымға келген.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!