- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қытай ғалымдары әйелдерде...
Қытай ғалымдары әйелдерде қатерлі ісіктің үш түріне шалдығу қаупін арттыратын танымал әдетті атады
Отырықшы өмір салты адамды ауруға шалдықтырады. Зерттеушілер дене белсенділігінің болмауы әсіресе әйелдер үшін қауіпті екенін анықтады.
Ғалымдар онкологиялық ауруларды және қатерлі ісіктің даму қаупін айтарлықтай арттыратын факторларды зерттеуді жалғастырып жатыр.
Сунь Ятсен атындағы Чжуншань университетінің онкологиялық орталығының зерттеушілері отырықшы өмір салты қатерлі ісік түрлерінің даму қаупімен қаншалықты байланысты екенін тексеруге шешім қабылдаған.
Отырықшы өмір салтының қатерлі ісік қаупіне әсерін тексеру үшін зерттеу авторлары Менделеевтің рандомизациясын қолданды. Бұл кез келген қауіп факторының денсаулық нәтижесіне әсер ететінін анықтау үшін айнымалылар ретінде генетикалық нұсқаларды пайдаланатын аналитикалық әдіс.
Сондай-ақ зерттеу үшін қытайлық ғалымдар 408 815 еуропалық – Британдық Биобанк мүшелерінің геномдық қауымдастық іздеуінен мәліметтер алды. Бұл адамдар бос уақытын өткізуге қатысты бірқатар сұрақтарға жауап берді. Отырықшы өмір салтымен байланысты жұмыс авторлары теледидар көруді, компьютерді жұмыстан тыс мақсатта пайдалануды және көлік жүргізуді қарастырды.
Осы бос уақытты өткізу және онкологиялық аурулардың 15 түрі арасындағы байланысты талдау теледидар көру мен әйелдердің қатерлі ісік аурулары арасында байланысты көрсетті. Дивандағы кештер мен теледидар көру эндометрия ісігінің ықтималдығын 28%-ға, сүт безі обырын 16%-ға, аналық бездің төменгі дәрежелі серозды обырын (карцинома) шамамен 49%-ға арттырғаны белгілі болды.
Сонымен қатар, теледидар көру мен жатыр мойны обыры арасындағы байланыс 1,0003 есе өскен. Ал теледидарға деген сүйіспеншілік басқа қатерлі ісіктердің дамуына әсер етпейді екен.
Сонымен қатар, жұмыс авторлары теледидар қарауға деген сүйіспеншілік холестериннің жоғарылауымен және 2 типті қант диабетімен байланысты екенін анықтады.
Ғалымдар зерттеуге қатысушылар еуропалық әйелдер екенін айтады. Ал жұмыстың нәтижесін басқа құрлық тұрғындарына қолдануға бола ма, ол жағы белгісіз. Сонымен қатар, отырықшы өмір салты мен бос уақытты өткізуге бейімділік эксперименттерде емес, субъективті түрде бағаланды.
Т. Раушанұлы