Қытай азаматы қателесіп, 970 000 теңгені бейтаныс адамға аударып жіберген. Оқиға Алматы әуежайындағы жолаушыларды тексеру аймағында болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ұшаққа асыққан шетелдік азамат телефондағы қосымша арқылы ақша аудару кезінде ақша аударатын адамның есімінің алғашқы әріптері ұқсас болуына байланысты шатасып кеткен. Ұшаққа отыруға санаулы минуттар қалғанда ол осындай жағдайға тап болған.
Әуежайдағы полицейлер туриске шұғыл түрде көмектескен. Тәртіп сақшылары банкпен байланысып, аударымды бұғаттап, ақша алған тұлғаның жеке басы мен байланыс мәліметтерін анықтаған.
"Қытайда "халық полициясы халыққа қызмет етеді" дейміз, дәл осыны мен Қазақстанда да сезіндім. Қазақстан полициясы тек өз азаматтарына емес, көмекке мұқтаж кез келген адамға қол ұшын созады. Шын жүректен алғысымды білдіремін", - деді Қытай азаматы Зуо Тенглонг.
Ол әлеуметтік желіде видео жариялап, қазақстандық полицейлердің жоғары кәсібилігі мен адамгершілігі туралы айтқан.
@kazakhstanbizbuzz 在哈萨克斯坦遇到问题了,第一时间可以找哈萨克的警察寻求帮助和支持,为哈萨克斯坦警察点赞
♬ 小美满 (钢琴版) - 草莓酱
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз