- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қытай АҚШ-тағы барлау...
Қытай АҚШ-тағы барлау шарының атып түсірілуіне қатысты пікір білдірді
Қытай АҚШ-тың әуе шарын атып түсіргеніне наразы екенін және оқиғаға кез келген жағдайда пікір білдіруге құқығы бар екенін айтты. Бұл туралы Bloomberg жазды.
Қытай Сыртқы істер министрлігі Вашингтонның әрекетін шектен шыққан әрекет және қолданыстағы халықаралық тәжірибені бұзу деп атады. Олар әуе шарының азаматтық мақсатқа арналғанын және Американың әуе кеңістігіне кездейсоқ енгенін алға тартты.
Бұған дейін АҚШ Әскери-әуе күштері Оңтүстік Каролина аспанында Қытайға тиесілі барлау шары елдің оңтүстік-шығыс жағалауында байқалған, оны әскерилер бірнеше күн бойы қадағалаған болатын.
?#BREAKING: More video of the Chinese spy balloon⁰
— R A W S A L E R T S (@rawsalerts) February 2, 2023
?#Montana | #USA
More video is coming out as
The Chinese high altitude surveillance balloon was seen over Billings Montana yesterday.
The size of balloon is three buses wide and has been flying over the Northern U.S. for days pic.twitter.com/4iUVvJQCG8
NBC-дің хабарлауынша, нысан анықталған кезде авиация іске қосылды, оның ішінде бесінші буын F-22 Raptor жойғыш ұшақтары, сондай-ақ радиолокациялық анықтау ұшағы болған.
Шар алғаш рет сәрсенбіде Монтана штатындағы Биллингс ауданында байқалды. Бұған дейін бұл нысан Канада мен Алеут аралдарының үстінен ұшып өткен деп есептелген. Канаданың қорғаныс министрлігі ел аспанында тағы бір әуе шарының барын хабарлады. Канада үкіметі бұдан былай түсініктеме бермеді, бірақ ол АҚШ шенеуніктерімен үнемі байланыста екенін айтты.
Пентагон әуе шарының барлау мәліметтерін жинауға қызмет еткенін атап өтті. Министрлік Қытайдың бұл метеорологиялық зерттеу болды деген мәлімдемесін де жоққа шығарды.
Т. Раушанұлы