"Қазгидромет" сипоптиктері ертең, 28 ақпанда республиканың 11 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қызылорда облысында тұман болады.
Ақтөбе облысында көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15 м/с-ке жетеді.
Атырау облысында да көктайғақ, тұман болатыны болжанып отыр.
Ақмола облысында жаяу бұрқасын, көктайғақ. Екпіні секундына 28 метрге дейін жететін жел соғады.
Астанадағы желдің екпіні 20 м/с-қа дейін жетеді.
Батыс Қазақстан облысында тұман, көктайғақ болады. Желдің екпіні - 15-20 м/с.
Маңғыстау облысында тұман түседі.
Қостанай облысында күн жауын-шашынды (көбінесе қар) болады. Бұрқасын, тұман, көктайғақ болжанып отыр. Ал желдің күші 20, екпіні 28 м/c-қа жетеді.
Павлодар облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ болып, екпінді жел соғады.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде қар, күндіз жауын-шашын (көбінесе қар) болжанып отыр. Бұған қоса, бұрқасын, көктайғақ пен күшті, екпінді жел соғады.
Түркістан облысының тау асуларында, 01 наурызда күндіз солтүстігінде, таулы аудандарында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші 15-20 м/с-ке жетеді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!