Танымал әнші Ақбота Керімбекова әлеуметтік желідегі парақшасында жақсы жаңалығын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ақбота Керімбекова желтоқсан айында жеке концертін береді екен.
"2 желтоқсанда Астананың Филармония залында (конгресс хол) өтетін ән кешіме дайындықты бастап кеттік. Жанды дауыс, жанды дыбыс, бэк-вокал, jazz-band секілді шығармашылық ұжымдар қызу жұмысқа кірісті. Біздер намысқой адамдармыз ғой, еңсемізді жаншып, басқысы келген сайын биікке ұмтыламыз, өйткені өмірдің өзі бізді солай тәрбиелеген. Қыстың алғашқы күндеріндегі концертте жүздескенше, Қазақ музыкасына адал, талғамы биік тыңдарман", - деп жазды әнші.
Еске салайық, жақында Ақбота Керімбекованың жас әншілерге айтқан сыны туралы жазған едік.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!