- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- дәрігер кеңесі
Қыстыгүні суықтан мұрын бітеле берсе не істеген дұрыс? Дәрігер жауабы
Қыстыгүні суықтан көп адамның мұрны бітеледі. Отоларинголог және хирург Сергей Волков бұл жағымсыз жағдайдан қалай құтылуға болатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lenta.ru сайтына сілтеме жасап.
ЛОР маманы тұзды ерітінділерді қолдану мұрынның бітелуімен күресудің ең жақсы әдісі деп атады. Дегенмен оның айтуынша, мұрынды үйдегі ерітінділермен емес, дәріханадан алынған изотоникалық немесе тұзды ерітінділермен жуу керек.
"Концентрацияны бұзбау үшін үйде тұзды өз бетіңізше сұйылтпаған дұрыс", - деп түсіндірді Волков.
Десе де, бұл әдіспен ұзақ уақыт тыныс алуды жеңілдету мүмкін емес. Өйткені тұз мұрынның шырышты қабығын құрғатып жіберуі мүмкін. Бұл кейін тыныс алуды нашарлатады.
Сондай-ақ мұрын бітелсе дәрігер көп сұйықтық ішуге, аллергия тудыратын заттардан аулақ болуға және бөлмені жиі желдетуге кеңес береді.
"Таза ауа тыныс алуды қиындататын ластаушы заттарды, вирустарды және аллергендерден арылуға көмектеседі", - деді ол.
Сұйықтықты көп ішу шырышты қабаттарды ылғалдандыруға көмектеседі. "Вазоконстриктор тамшылар шырышты қабықтың ісінуін жеңілдетуге де көмектеседі, бірақ тәуелділікті болдырмау үшін оларды жиі қолданбаған жөн", - дейді маман.
Дәрігердің тағы бір ұсынысы: аллергия болмаса, жағымсыз белгілерді жеңілдету үшін табиғи шай ағашы, жалбыз және эвкалипт майларын пайдалану керек. Егер мұрын бітелуі жеті күн ішінде кетпесе немесе дене қызуы көтеріліп, ауырсынсаңыз, дәрігерге қаралу маңызды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Д. Литпин