Қазгидромет желтоқсан, қаңтар, ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Алдын ала болжам бойынша қыс мезгілі қоңыржай жылы болады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Желтоқсан
Желтоқсанда ауа температурасы елдің басым бөлігінде норма шамасында, республиканың солтүстік-батыс жартысында (Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының басым бөлігінде, Ақмола облысының солтүстік-батысында) нормадан 1 градусқа жоғары болады, ал Шығыс Қазақстан облысының қиыр солтүстік-шығысында нормадан 1 градусқа төмен болады.
Қаңтар
Қаңтарда ауа температурасы норма шамасында, тек республиканың шығысында нормадан 1 градусқа төмен болады деп болжанып отыр (Абай, Жетісу облыстарында, Алматы облысының басым бөлігінде, Қарағанды, Павлодар облыстарының шығысында).
Ақпан
Ақпанда орташа айлық ауа температурасы нормадан 1-2 градусқа жоғары болады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова