Қыста тері проблемасы болмас үшін қандай дене бөлігін жуу қажет?

Медицина ғылымдарының докторы Нахид Әли қыста дененің ең маңызды екі бөлігін дұрыс жууға кеңес берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі The Sun-ға сілтеме жасап.

Дәрігердің айтуынша, адамдар суық мезгілде бет пен аяққа күтім жасауға аса көңіл бөлмейді. Ал бет пен аяқтың күтімі жеткіліксіз болса, бірқатар проблема пайда болуы мүмкін.

Бұған жол бермеу үші не істеу қажет?

Ауа температурасының сыртта суық, ал іште ыстық және құрғақ болуы терінің қорғаныс тосқауылын бұзады, салдарынан тері қызарып, қабыршақтанады немесе экзема өршуі мүмкін.

"Жабық аяқкиім мен қалың шұлық терді ұстап, саңырауқұлақ инфекциясы үшін тамаша ортаға айналады", - деп қосты сарапшы.

Нахид Әли бірінші жағдайда бетті жұмсақ тазартқышпен жуып, ылғалдандырғышты қолдануға кеңес берді. 

Ал екінші жағдайда аяқты күн сайын жууды, шұлықты жиі ауыстыруды және аяқкиімді мұқият кептіруді ұсынды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!