• 506.25
  • 490.7
  • 5.27

Қыста тауға шыққанда нені ескеру керек?

Қыста тауға шыққанда нені ескеру керек?
Фото: depositphotos.com

ТЖМ өкілдері қыста тауға шыққанда нені ескеру керек екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Қысқы туризм қарлы табиғатты тамашалауға мүмкіндік береді. Дегенмен белсенді демалыс пен тау қауіпті болуы мүмкін. Саяхатқа шығарда ең алдымен 112 қызметіне маршрутыңыз туралы хабарлаңыз", - деп жазылған хабарламада.

Құтқарушылар маңызды ережелерді еске салды:

  • Ауа райы нашарласа, саяхаттан бас тартыңыз.
  • Жылы және қабат-қабат киініңіз.
  • Термосқа ыстық шай құйып алу және жеңіл тамақ алу керек.
  • Алғашқы медициналық көмек көрсету қобдишасын, шамдар, фонарь, сіріңке, полиэтилен пакеттер, пышақ, телефон және қосымша қуаттандырғыш алыңыз.
  • Қосымша шұлық, қолғап және қорғаныс көзілдірігін алуды ұмытпаңыз!

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова