Температура жиі ауысқанда бас терісіне не болады? Бұл сұраққа дерматолог, миколог Кермен Болдырева жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Mail-ға сілтеме жасап.
Суық мезгілде суық тию ғана емес, сонымен қатар дерматовенеролог дәрігерлерге науқас саны артады.
Науқастар көбінесе бас терісінің өзгеруіне шағымданады, яғни қайызғақ пайда болады, ол кейде қышиды. Оның пайда болуына негізгі себептің бірі сыртқы және ішкі температураның өзгеруі болуы мүмкін. Өйткені бас терісінің температураның күрт өзгеруіне бейімделуге уақыты жоқ.
Температура шамалы ғана өзгерсе, шаш қоршаған ортаға бейімделеді, ал қыста сыртта -25°C, ал іште +21°C температура болса, физиологиялық процестер қоршаған ортаға бейімделуге уақыты болады. Нәтижесінде бас терісі аз қоректеніп, құрғап, қабыршақтана бастайды.
Егер сіз осы белгілерді байқасаңыз, суық кезеңде пайда болатын және қайызғақтың пайда болуына әкеп соқтыратын аурулардың алдын алу үшін дерматовенерологқа немесе трихологқа бару керек.
Мысалы:
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!