Әрбір жүргізуші мотор майының сапасы автомобиль қозғалтқышының қалай жұмыс істейтініне тікелей әсер ететінін біледі. Бұл әсіресе қыста, суық ауа райының басталуымен байланысты. Алайда қазір қозғалтқыш майлары қысқы және жазғы болып бөліну өзектілігін жоғалтты. Қазір нарықта "әмбебап" деп аталатын мотор майының көптеген түрлері бар. Жүргізушілер жыл бойы көлікке құюға жарамды барлық маусымдық майларды көбірек таңдайды. Дегенмен ауа температурасы төмен болған кезде автомобиль қозғалтқышына қандай май құю керек? Massaget.kz тілшісі біліп көрді.
Суық ауа-райында майды ауыстыру қажеттілігі қандай?
Сіз қандай майды қолдансаңыз да, мамандар алғашқы аяз басталғанға дейін қозғалтқыштағы майды ауыстыруға кеңес береді. Қысқы жұмыс үшін қолайлы мотор майын қалай таңдауға болады? Бұл сұрақ көптеген автокөлік жүргізушілеріне бас қатырар мәселе. Ең алдымен бірнеше параметрлерді ескеру қажет. Төмен теипературада қозғалтқышты іске қосу ұзақтығы, шу көрсеткіші, отынның жалпы шығыны артады.
Тұтқырлығы жоғары майлау материалдарын қолдану мотордың тыныш жұмыс істеуіне ықпал етеді және күтпеген бұзылу қаупін азайтады. Бұл әсіресе жүгірісі 100 мың шақырымнан асқан машиналар үшін өте маңызды. Мәселен, жаңа көліктерге бастапқыда 5w30 индексі бар май құйылса, жүгірісі 100-150 мың шақырымнан асқан көлікке 5W40 немесе 10W40 индексті май құю қажет. Алайда қыста жағдай сәл өзгеше. Төмен температурады сұйықтықтар тез қоюланады. Сол себепті жазда еш қиындықсыз іске қосылған мотор қыста тұралап қалуы мүмкін. Сондықтан майды тұтқырлығы, қоюлануы төмен нұсқаға ауыстыру қажет.
Қыста қозғалтқыштағы майды қалай тексеруге болады?
Қыста қозғалтқыштағы май деңгейін қозғалтқышты стандартты жұмыс температурасына дейін алдын ала қыздырғаннан кейін ғана тексеру керек. Себебі суық температурада матор майының деңгейі табиғи түрде төмендейді. Бұл физика заңы. Май деңгейінің нақты мәнін білу үшін қозғалтқыш толығымен қызады. Содан кейін машинаны сөндіріп, 10-15 минуттан кейін май деңгейін тексеру керек.
Қыста қозғалтқышқа қандай май құйған дұрыс?
Сатып алудан бұрын ескеру қажет майлардың негізгі сипаттамалары қаптамасында көрсетілген. Негізгі параметрлер-тұтқырлық және температура сипаттамалары. Шартты түрде "қысқы" деп 0w30-дан 10W40-қа дейінгі диапазондағы мәні бар майларды алуға болады. Яғни, егер қыста температура -5 немесе -7 градустан төмен түспесе, онда 10W40 көрсеткіштері бар май құю керек. Егер аймақта термометр бағанасы үнемі -15 және -20 градусқа дейін төмендесе, онда 5w30 немесе 5W40 деп белгіленген мотор майы ең жақсы таңдау болады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!