- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қыста көліктегі кондиционерді...
Қыста көліктегі кондиционерді қосып тұру керек. Неге?
Қыста көліктің кез келген бөлшегі суық тартып, қатып қалуы мүмкін. Бұл әсіресе суық кезде мүлде іске қосылмайтын ішкі жүйелерге тікелей қатысты. "Ұлттық автомобиль одағының (АҚШ) вице-президенті Ян Хайцеер қыста бөлшектерді майлау үшін және болашақта күрделі жөндеу қажеттілігін болдырмау үшін автомобильдің кондиционерін аптасына кемінде бір рет қосу керектігін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі iz.ru сайтына сілтеме жасап.
"Қыста кондиционерді қосуға болады ма деген сұрақтың қажеті жоқ. Керісінше қосу керек. Егер қыста аптасына бір мәрте қосып көрмесеңіз, күн жылыған уақытта тұрақты пайдалану кезінде проблемалар туындауы мүмкін. Мәселе мынада. Салқындатқыш жүйесі майланған. Егер құрылғы пайдаланылмаса май ағып кетіп бөлшектер майсыз қалады. Мұндай жағдайдағы үйкелістен бұзылуы мүмкін", - деп түсіндірді сарапшы.
Сонымен қатар Хайцеер мойынтіректер, түтіктер және кондиционер тығыздағыштары бұзылуға ыңғайлы ең сезімтал материалдардан жасалған. Ол аз десеңіз құрылғының ең қымбат бөлігі болып табылатын компрессор істен шығуы мүмкін. Бұл бөлшектердің істен шығуы жүйенің қысымын төмендетуге және қалтаңызға ауыр тиетін жөндеуге әкеліп соқтыруы ықтимал.
Осы себепті АВТО-сарапшы аптасына бір рет кондиционерді 5-10 минутқа қосуды ұсынды. Бұл құрылғының ысқыланған бөліктерін майлау үшін қажет. Сонымен қатар, нөлден төмен температура мұндай профилактикалық процедураға кедергі келтірмейді деп сөзін түйіндеді сарапшы.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Зинешов