- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- төтенше жағдай туралы
Қыста көлік өртенбеуі үшін не істеу керек?
Фото:
depositphotos.com
Құтқарушылар көлікті өрттен сақтау үшін көлік жүргізушілеріне маңызды кеңес берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ТЖМ бұл үшін мына шарттарды орындау қажет екенін еске салды:
- техникалық байқаудан уақытында өткізіңіз;
- электрониканы тек мамандандырылған орталықтарда орнатыңыз;
- әрқашан өртсөндіргішті көлік салонында ұстаңыз;
- қозғалтқыштың отын аппаратурасының жарамдылығын бақылаңыз;
- көлікте бөгде, тез тұтанатын заттарды ұстамаңыз;
- жанар-жағармай материалдарын тек герметикалық ыдыстарда тасымалдаңыз.
"ТЖМ азаматтарды сақ болуға шақырады. Көлікте төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалыңыз", - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, қыста көлік көп өртке оранады. Мәселен, кеше Атырау облысында көлік жанып, 15 минут ішінде сөндірілді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова