Ақсу қаласында қарт адамдарға қатыгездік көрсеткен пансионат қызметкері сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Қамқор" әлеуметтік қызметтер орталығының тұрғындарына қатысты резонанс тудырған іс бойынша сот үкімі шықты.
"Пансионат қызметкері жүйелі түрде қамқорлықтағы адамдарға физикалық күш қолданған және оларды жылы киімсіз далада қалдырған", - деп жазылған хабарламада.
Жасалған әрекеттердің ауырлығын және олардың салдарын ескере отырып, сот айыпталушыны кінәлі деп танып, үш жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Еске салайық, бұған дейін Павлодарда пансионат қызметкерлері 84 жастағы қарт адамды қорлағаны хабарланды. Мекемеде түсірілген бейнежазбаларды зерттеу барысында қорқынышты жайттар ашылған: пансионат қызметкерлері екі қарт қызметкерді ұзақ уақыт бойы қорлап, зорлық-зомбылық көрсеткен.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова