Қыста қар жеу қауіпті ме?

Қыста қар жеу қауіпті ме?
Фото: pixabay.com

Бала кезіңізде қар жеп, шатыр шетінде қатып тұрған мұзды жалаған боларсыз. Алайда мұның денсаулыққа зиян екенін білесіз бе? Тіпті жердегі қарды жеп, ауруханаға түскен адамдар да бар. Терапевт Елена Черненко қардан улану қаншалық мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі doctorpiter-ге сілтеме жасап.

Маманның айтуынша, егер қар таза болса, адам одан уланбайды. Ал жол шетінде бірнеше күннен бері қатып тұрған қардың жағдайы басқаша.

"Жол шегінде жатқан қарда реагенттер, әртүрлі жануарлардың нәжістері және жолдарға себілген тұз болуы мүмкін. Мұндай қардың құрамы бактерияға толы және уланып қалу оңай", - дейді терапевт.

Дегенмен дәрігер енді ғана жауып жатқан балғын қарды жеудің зияны жоғын айтты.

"Таза қардан уланып қалу екіталай. Ол су мен минералдан тұрады, әрине егер аумақтың экологиялық жағдайы қолайлы болса", - дейді дәрігер.

Елена Черненко қала сыртында, яғни орман секілді жерлерде қар жеп, қатып тұрған мұз жалауға мүлде болмайтынын ескертті. 

"Қала ішіндегі қар немесе шатыр шетінде қатып тұрған мұз сізге таза көрінгенімен, оның құрамында көзге көрінбейтін түрлі зиян қоспалар болуы мүмкін. Ал орманда мүлде жоламаңыздар, себебі ормандағы қарда ауыр ауруларға шалдықтыратын жабайы жануарлардың нәжісі болуы әбден ықтимал", - деп түсіндірді маман.

Терапевттің сөзінше, шатыр шетінде қатып тұрған мұздың басқа да қаупі бар. Мысалы, мұз сынып құласа, адамның басына түсуі мүмкін.
 
Өзіңізді мұндай қауіптен қорғау үшін жәй ғана ғимаратқа тым жақын жүрмеу керек. Себебі, егер мұз сынса, адамды ешқандай бас киім құрқара алмайды, мұндай мұз биіктен түскенде үшкір басы бар тас сияқты болады.  

Айта кетейік, бұған дейін шатырдағы мұз қалай пайда болатыны хабарланған болатын.

Тағы да оқи отырыңыздар: Жаңа туған сәби күніне неше сағат ұйықтауы керек?

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Б. Жұмаділлә