Кардиолог Аурелио Рохас қыста денсаулықты жақсарту үшін күнделікті рационға үш түрлі жеміс қосуды ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Deia басылымы сілтеме жасап.
Рохастың айтуынша, суықта алманы күн сайын жеген пайдалы. Алма жасұныққа бай, ол қандағы холестерин деңгейін төмендетуге көмектеседі. Сондай-ақ, дәрігер алма қандағы қант пен холестерин деңгейін қалыпқа келтіреді, соның арқасында жүрек-қантамыр ауруларының даму қаупі азаяды деп атап өтті.
Дәрігер сөзін жалғастырып, апельсиннің құрамында С дәрумені мен флавоноидтар көп екенін айтты. Олар иммун жүйесін нығайтады, ағзадағы қабынуды азайтады және қантамырлардың жағдайын жақсартады.
Ал мәзірге кивиді қосу артериялық қысымды бақылауға және жүрек саулығын жақсартуға мүмкіндік береді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Massaget.kz