Қыста жүгірудің пайдасы неде?

Қыста жүгірудің пайдасы неде?
Фото: sportyakutia.ru

Жаз және көктем мезгілдерінде жүгіру маусымы қыза түседі. Ал күн суи бастағанда немесе қыс мезгілінде түрлі жерде жүгірушілер қарасы азая бастайды. Күн жылыда белсенді жүгіріп, қыста жүгіруді тоқтату дұрыс па? Күн суықта қалай дұрыс жүгіру керек?

Қыста жүгіруге бола ма?

Ең алдымен қыста жүгіру керек не керек емесін анықтап алайық. Көптеген адам қыста жүгірсе тұмауратып қаламын деп қорқып, жүгіруді тоқтатады. Алайда күн суықта жүгіру керісінше пайдалы екен. Қыста жүгіргеннің бірден бір артықшылығы - иммунитет күшейеді, ағза шыңдалып, тұмау жұқтыру қаупі де азаяды. Егер қарапайым ережелерді сақтай білсеңіз қыста да жүгіруге болады.

Біріншіден, қыста жүгірер алдында өзіңізге ыңғайлы спорттық киімді киіңіз. Бас киімнен бастап шұлығыңызға дейін ыңғайлы болуы керек. Ол үшін арнайы термокиім киюге де болады. 

© pexels.com

Екіншіден, таңертең жүгірер болсаңыз 5-7 минут шынықтыру жаттығуларын жасаңыз.

Үшіншіден, көбіне таңертең не кешке жүгіретініміз белгілі. Ал қыста екі уақытта да қараңғы болады. Сондықтан көшеде жарықтың болуына және жолдың сапасына мән беру қажет. Себебі қыста таңертең жүгіретін болсаңыз көп аймақ әлі мұз болып жатуы мүмкін.

Тағы бір ескеріп, мән беретін жайт - ауа температурасы. Медицина және спорт қызметкерлері әйел адамдар мен ер адамдар әртүрлі ауа температурасында жүгіре алатынын айтады. Мысалы:

Қыз балалар мен жасөспірімдер -15 градусқа дейін;

Әйел адамдар -10 градусқа дейін;

Ер адамдар -20 градусқа дейін;

50 жастан жоғары адамдар -5 градусқа дейін жүгіре алады.

Әрине, оның бәрі ең алдымен жүгіретін адамның денсаулық жағдайына байланысты. Ең алдымен ол адамның өкпе жүйесінің жағдайына және оның аяз кезіндегі реакциясына байланысты. Кейбір адамдарда бронхспазма немесе суықтан күйік алып қалуы мүмкін. Мұндай адамдар жылы жерде кардио жаттығуларымен айналысуына болады. 


© pixabay.com

Дұрыс демалу да маңызды

Егер демалуда қиын болса, арнайы маска тағып, мұрын мен ауызды жауып жүгіру керек. Қарапайым шарф та жарайды. Қыста жүгіру кезінде дұрыс демалу да маңызды. Ауызбен және мұрынмен бір уақытта дем алу керек. Ал тіл таңдайда тұруы қажет. Яғни тіл қыста суық ауаның өткізбейді.  

Қыста жүгірудің денсаулыққа пайдасы

Мамандардың сөзінше, қыста жүгіру күшімізді арттырып, көңіл-күйіміздің көтеріңкі болуына ықпал етеді. Күн суықта жүгіру ағзаңызды нығайтып қана қоймай, ерік-жігеріңізді де арттырады. Физикалық тұрғыда белсенді болу - психикамызға да пайдалы. Яғни қыста пайда болатын депрессияның алдын алуға болады.

Одан бөлек, қыс мезгілінде "өзің үшін" жүгіруге болады. Яғни өз темпіңізбен, ешқандай рекорд немее жылдамдықды қумай жүгіруге болады. Бұл көктемде процесті нөлден бастайтын адамдар үшін пайдалы. Демек қыста жай темппен жүгіру арқылы көктемгі маусымғаа дайындықты бастай аласыз.   

© pexels.com

Қыста жүгіру қандай жағдайда зиян болуы мүмкін?

Көптеген маман күн суықта жүгіру пайдалы екенін баса айтады. Алайда қыста жүгіру зиян болатын сәттер де болады. Мысалы жүгірер алдында дұрыс киім кимесеңіз денсаулығыңызға кері әсер етуі мүмкін. Мұндай жағдайда ағзаңыз нығаюдың орнына суық ұстап, ауырып қалуыңыз мүмкін.  

Екіншіден, өте төмен температурада жүгіруге болмайды. -15 градустан төмен жағдайда, әсіресе жаңадан жүгіруді бастайтындарға спорттың бұл түрімен айналысу ұсынылмайды. 

Қыста жүгіру кезінде техника қауіпсіздігін де сақтау маңызды. Яғни жүгіретін орынды дұрыс таңдау керек. Жүгіретін жерде мұз не шалшық жоғына мән беріңіз. Мұндай жағдайда құлап, жарақат алып немесе денеңізді көгертіп алуыңыз мүмкін. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина