Ресейлік отоларинголог дәрігер Владимир Зайцев қыста баскиімсіз жүрудің қаупі туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Доктор Питер" сайтына сілтеме жасап.
Қыста жылы киіну бала күнімізде бізге солай айтқаны үшін ғана маңызды емес. Жылы киінбеудің салдарынан түрлі ауру пайда болуы мүмкін. Дәрігер ең алдымен күн суықта баскиімсіз жүрудің қаупі неде екенін айтты. Оның сөзінше, жылы киінбесеңіз тұмауратып, салдарынан ринит пайда болады. Яғни мұрныңыздың шырышты қабығына суық тиюі мүмкін.
Сондай-ақ баскиім кимесеңіз параназальды синустың қабынуы - синусит пайда болуы мүмкін. Кей жағдайда аурудың бұл түрі мидың қабынуын тудыруы мүмкін.
Одан бөлек, Зайцевтің сөзінше, күн суықта баскиімсіз жүрсеңіз жедел іріңді отит пайда болады. Ал оның салдарынан отогенді менингит пайда болады.
Күн суықта шарф - тек сән аксессуары емес, қыста қажет элементтердің бірі. Себебі мойында ірі тамырлар көп. Сондықтан мойынды да суықтан қорғап, жылы ұстау маңызды.
Физик Анатолий Периновтің сөзінше, жылы жүрудің бір жолы - қалың киіну. Сондықтан колготка мен термокиімнің маңызын ұмытпағаныңыз жөн.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!