Қыста бас киімсіз жүру шаштың түсуіне әкеп соқтыруы мүмкін бе?

Қыста бас киімсіз жүру шаштың түсуіне әкеп соқтыруы мүмкін бе?
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Қыста бас киімсіз жүру шаштың түсуіне әкеп соқтырмайды. Бұл туралы дерматолог, трихолог Юлия Галлямова айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Pravda.Ru-ға сілтеме жасап.

Алайда ол бұл жағдайда адам басын тым салқындатып алуы мүмкін екенін, бұл бас терісіндегі тамырлардың құрысуына әкеп соқтыратынын және шаш фолликулаларының қоректенуін нашарлататынын алға тартты. Дәрігердің айтуынша, егер бас жиі тым салқындайтын болса, шаштың өсуі баяулайды және шаштың түсуіне қауіп төндіреді. 

Юлия Галлямова сыртта қалпақсыз жүру уақыты жеке анықталатынын айтты.

"Біреудің дене қорғанысы жақсы, шаш фолликуласында үлкен әлеует бар, ол тіпті қатты салқындаған кезде де әрекет етпейді, ал біреудің шашы оны стресс ретінде қабылдауы үшін бір-екі рет сыртқа шығуы жеткілікті", - деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін қыста бас киімсіз жүрудің қаупі хабарланған болатын. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә