- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- балық аулау
Қыста балық аулағандарға қандай жағдайда айыппұл салынады?
Фото:
depositphotos.com
Алматы облысының полицейлері қыста балық аулағандарға қандай жағдайда айыппұл салынатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелеріне сәйкес тәуліктің қараңғы уақытында мұз үстіне шығуға тыйым салынады.
- Мұз қалыңдығы 25 сантиметрден төмен болған жағдайда мұз астынан балық аулау тек құтқару жилеті мен басқа да жеке құтқару құралдары болған жағдайда рұқсат етіледі. Бұл талаптарды бұзу Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 412-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке әкеліп соғады, бұл үшін 7 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл қарастырылған.
- Балық аулау ережелеріне сәйкес балық шаруашылығы су айдындарында балық аулайтын тұлғаның өзімен бірге жолдама қағазы болуы міндетті. Бұл талапты бұзу Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 383-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартуға негіз саналады және 10 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл салуды көздейді.
Тек бір тәулік ішінде бұл құқықбұзушылықтар үшін 15-тен аса тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
"Сіздерді мұздағы қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырамыз. Бұл - қайғылы оқиғалардың алдын алудың басты кепілі", - деді полиция.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова