Жер қатқақтанып, күн суытса көлігіңіздің дөңгелегін қысқыға ауыстыру абзал. Бұл бірінші желтоқсанға дейін жүзеге асатын үрдіс. Кейбірі көлігіне тікенексіз шина салса, енді бірі тікенекті дөңгелектерді салуды құптайды. Алайда тікенектердің түсіп, азаюы темір тұлпар тізгіншілеріне қосымша проблема екені анық. Ал бұл процессті қалай тоқтатуға болады? Massaget.kz тілшісі біліп көрді.
Қысқы шиналардың протекторлық үлгісінде жазғы дөңгелектердегі секілді ламель (шинаның протекторындағы тар ойық) бар. Бірақ мұндай дөңгелектерде де тікенек болуы мүмкін. Тікен бір қарағанда қарапайым құрылым. Ол негізден және жоғарғы бөліктен тұрады. Екеуі де біріктіріліп бір-біріне киіліп тұрады. Проекторда тікендер фланецтің (Фланец құбыр ұштарын жалғау үшін қолданылатын білікті білікке жалғайтын бөлік) пішініне байланысты орнатылады.
Дәл осы металл тікенектердің арқасында мұндай шиналар тайғақ мұзда және тығыздалған қарда көлік басқаруды жақсартады. Сондай-ақ сіз дөңге қарай оңай шыға аласыз.
Қысқы резеңкенің бұл түрі ХХ ғасырда жылқыларға арналып шығарылған. Кейін темір тұлпарларға қойыла бастады. Бастапқыда мұндай шиналар тек автожарыстарда қолданылды. Кейін өзге де өнертабыстар секілді бар адамның игілігіне жұмыс істеді.
Неліктен тікенекетр ұшып кетеді?
Қысқы шиналардан тікенектердің түсуінің негізгі себептері:
Бүгінгі күні қысқы шиналар дұрыс сақталған кезде ұзақ қызмет етеді. Ұқыптап ұстамаса кез келген заттың тозатыны анық. Тікенекті шинаның ұзақ қызмет етуі үшін оларды қарсыз, таза жолмен тәжірибеден өткізген абзал. Содан кейін шиналар жолға төселіп, тікенектердің түсуіне жол бермейді. Алайда дөңгелекті орнынан айналдырмай, тежегішті негізсіз қатты баспай қозғалу керек. Ең бастысы ақылға қонымды жылдамдықтан асырмаңыз.
Жылы мезгіл басталған кезде шиналарды өзгерту керек. Ал қысқы дөңгелектерді келесі суық ауа райына дейін қараңғы, салқын жерде сақтаңыз. Осылайша әрбір автокөлік иесі артық шығынның алдын ала алады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!