Қысқы мерекелер кезінде қосымша үш пойыз жолға шығады

Қысқы мерекелер кезінде қосымша үш пойыз жолға шығады
Фото: Stadler Kazakhstan

Желтоқсан айындағы мерекелік күндері жолаушылар ағынының артуына байланысты стандартты вагондардан жасақталған үш қосымша пойыз іске қосылады, – деп хабарлайды Massaget.kz ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Қосымша пойыздар сұраныс жоғары бағыттар бойынша жолаушылар тасымалының көлемін ұлғайтып, теміржол қатынасының қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қосымша пойыздар төмендегі бағыттар бойынша қатынайды:

№201/202 «Алматы-2 – Астана-1»
Алматы-2 станциясынан2026 жылғы 22 желтоқсаннан 2027 жылғы 10 қаңтарға дейін күнара жүреді.
Астана-1 станциясынан2026 жылғы 23 желтоқсаннан 2027 жылғы 11 қаңтарға дейін күнара жүреді.
№204/203 «Нұрлы жол – Шымкент»
Нұрлы жол станциясынан2026 жылғы 14 желтоқсаннан 2027 жылғы 10 қаңтарға дейін күнара жүреді.
Шымкент станциясынан2026 жылғы 15 желтоқсаннан 2027 жылғы 11 қаңтарға дейін күнара жүреді.
№205/206 «Ақтөбе – Астана-1»
Ақтөбе станциясынан2026 жылғы 22 желтоқсаннан 2027 жылғы 10 қаңтарға дейін күнара жүреді.
Астана-1 станциясынан2026 жылғы 23 желтоқсаннан 2027 жылғы 11 қаңтарға дейін күнара жүреді.
Пойыздар купе және плацкарт санатындағы стандартты вагондардан жасақталады. Билеттерді ресми сайты арқылы сатып алуға болады. Қосымша ақпаратты 1433 нөмірі арқылы алуға болады.

О. Сансызбай
Logotype Massaget