III Қысқы жүгіруі 2017 жылғы Алматы Марафонының жүгірулер маусымын ашады. Қазірден бастап мына сілтемеге өтіп, тіркелуден өте аласыз.
Әдеттегідей, Қысқы жүгіру 25 ақпанда Тұңғыш Президент саябағында өтеді. Қатысушылар үшін үш қашықтық ұсынылып отыр: балаларға арналған 2 км, және ересектерге арналған 5 және 10 км қашықтықтары.
Назар аударыңыздар!
Сөрелік нөмірлер саны шектеулі! Жарысқа 650 адам ғана қатыса алады. Жарысқа қатысудың кепілдемесі – жарысқа тіркеліп, 3000 теңге көлеміндегі бастапқы жарнаны төлеу керек. Төлеміңізді онлайн Kaspi.kz-те банк картасы арқылы немесе QIWI-терминалы арқылы төлеу керек. Бастапқы пакетіңізді 22-23 ақпанда Наурызбай батыр көшесі, 89 мекенжайында орналасқан World Class Almaty фитнес-орталығынан алып кете аласыз. Жарыста кездескенше!
Құрметпен:
World Class Almaty фитнес-орталығының коммерциялық директоры Салтанат Қазыбаева