Қысқы аяқ киімді қалай таңдаған жөн? Маман кеңесі

Қысқы аяқ киімді қалай таңдаған жөн? Маман кеңесі

Қысқы аяқ киімнің материалы аяқты қардан, жаңбырдан және суықтан қорғау үшін су өткізбейтіндей болуы керек. Травматолог Михаил Игнатов қысқы аяқ киімге қатысты кеңестер берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Аяқ киім таңдағанда, табиғи материалдарға мән беру маңызды екен. Былғары немесе нубук аяқ киімнің сырт жағына, ал жүн ішкі төсеміне жарамды. Дәрігердің айтуынша, осылайша аяқ терлемейді.

Сонымен қатар, маман қысқы аяқ киімде ауа қалу үшін айтарлықтай орын болуы керек деген пікір миф екенін атады. Аяққа ыңғайлы болуы үшін етік аяқтан кем дегенде бір сантиметрге үлкен болғаны жөн екен.

Игнатов аяқ киімді аяқ ісінбеген кезде киіп көрген дұрыс екенін айтады. Ал аяқ киім таңдарда күн сайын қысқы аяқ киіммен киетіндей қалыңдықтағы шұлық немесе колготки ала барған дұрыс.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!