"Қысқасы, жүзіп жүрміз". Екібастұзда дәріхана мен көшені ыстық су басып қалды

"Қысқасы, жүзіп жүрміз". Екібастұзда дәріхана мен көшені ыстық су басып қалды
Фото: видеодан алынған кадр/instagram.com/ekibas_v_teme

Екібастұзда жылу желілеріндегі апат салдарынан дәріхана мен көшені ыстық су шайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқиға орнында түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарады. 

 

"Қысқасы, біз жүзіп жүрміз", "Гидравликалық сынақтың керемет бастамасы", - деп жазды екібастұздықтар желіде.

Коммуналдық қызметкерлер бұған қатысты түсінік берді.

"27 Мамырда Екібастұзда жылу желілерінің беріктігі мен тығыздығына гидравликалық сынақтар жүргізілді. Гидравликалық сынақтар жүргізілгеннен кейін №62 орталық жылу пунктіне апаратын жылу желісінде ыстық сумен жабдықтауды іске қосу барысында зақым анықталды. Қазіргі уақытта мұны жою жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады "Екібастұз жылу желілері" ЖШС директоры Евгений Банченко.

Мұны "Павлодарэнерго" АҚ баспасөз қызметі де растады. Кәсіпорын сынақ кезінде ыстық судың температурасы 40-45 градустан аспайтыны нақтылады.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан