Қыс келді: алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Қыс келді: алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Фото: Tengrinews.kz/ Әлихан Сәриев

Қазгидромет 29, 30 қарашаға және 1 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қар, көктайғақ

Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр, қар жауады. Республиканың солтүстігінде, шығысында, орталығында көктайғақ болады.

Тек республиканың батысында, оңтүстік-шығысында антициклон ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Ауа температурасы

  • Еліміздің солтүстігінде ауа температурасы сәл жоғарылайды: түнде 0-8 градус аяз, күндіз 0-5 градус жылы.
  • Оңтүстік-шығыста күндіз температура біртіндеп 3-11 градус жылыға дейін төмендейді, таулы аймақтарда 0-5 градус аяз болады.
  • Елдің қалған аумақтарында айтарлықтай өзгеріс болмайды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget