Қазгидромет 22, 23, 24 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстанға аяз келеді. Себебі ел аумағына суық антициклон жылжып келеді. Соның әсерінен жауын-шашын тоқтап, алдымен еліміздің батыс өңірлерінде, кейін басқа аймақтарда ауа температурасы төмендейді.
Түнде солтүстік, шығыс облыстарда ауа температурасы біртіндеп 0, +5 градустан -5-10 градусқа дейін төмендейді.
Тіпті оңтүстік өңірлердің тұрғындары да қыс жақындағанын сезеді. Түнде ауа температурасы -2-7 градусқа дейін төмендеп, күндіз +2-7 градус аралығында болады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!