Алматы облысының таулы аудандарында қаңтарда бәйшешек гүлдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Желіде тараған суреттер Талғар ауданында түсірілген.
"Кеше тауға немесе шатқалға серуендеп шығайық деп шештік. Біздің таңдауымыз екеуіне де түсті. Шатқалда да, тауда да бәйшешектер гүлдеген әрі саны да аз емес. Таңданысымыз бен қуанышымызда шек болған жоқ", - деп жазылған жергілікті Instagram арнада.
Бұл әдемі көрініс желі қолданушыларын да сүйсінтті.
"Қаңтардағы сұлулық", "Ертегідей", "Сұлулық. Қыс бізді таңғалдырып жатыр", "Өңіміздегі ертегі", "Қаңтарда көктемгі бәйшешек", - деп жазды олар.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!