- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Қыс болмайды" сөзі...
"Қыс болмайды" сөзі арқылы танылған Арстан Алай өлі табылды
5 қаңтарда "Қыс болмайды" деген атақты сөздің арқасында Желіде кеңінен танылған Арстанбек Әбділдаев (Арстан Алай - еск.) Қырғызстан қылмыстық атқару қызметінің №31 колониясының камерасында өлі табылды. Оның көз жұмғанын адвокат Қайсын Абакиров растады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Адвокат Арстанбек Әбділдаевтың айтуынша, оның қорғауындағы адам қылмыстық іс жүргізу кодексінің нормаларын бұза отырып, қамауға алынған.
"Бұл менің қорғанымның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тергеу изоляторының басшылығына бірнеше рет жазбаша өтініш жасағаныма қарамастан болды. Неліктен, кімнің нұсқауымен және №31 колонияға қашан ауыстырылғаны бізге беймәлім. Бір сөзбен айтқанда, құқық қорғау органдарының, тергеудің, соттың, ҚАЖ органдарының заңсыз әрекеттері адам өліміне әкеп соқты. Бас прокуратура басшылығынан барлық кінәлі шенеунікті қылмыстық жауапкершілікке тартуды сұраймыз", - делінген 24.kg сайтында.
Арстан Алай былтыр желтоқсанда ұсталғаны белгілі болды. Оның үстінен Қырғызстан Қылмыстық кодексінің 330-бабы "Діни араздықты қоздыру (алауыздық)" бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қамауға алуға және қылмыстық іс қозғауға Алайдың әлеуметтік желілерде, кітаптар "діни және дінаралық араздықты қоздыруға үндеу жариялағаны, діндарлығы негізінде азаматтардың жеке басын насихаттайтыны" туралы ақпарат негіз болған.
Кейін оның қамауда қалғаны белгілі болды.
Әбділдаев 2011 жылдың аяғында Қырғызстан президенттігіне бұрынғы кандидаты ретінде "Қыс болмайды" деп айтқан кезде танымал болды.
"Күлесіңдер, бірақ кейін бәрі расталады. Қыс болмайды, Батыста су тасқыны болады. Көресіңдер, сосын күлесіңдер", - деді ол баспасөз мәслихатында.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Бөлек