UFC-де аса жеңіл салмақтағы ресейлік файтер Умар Нурмагомедов (15-0) Дана Уайт пен Шон Шелбиден дивизиондағы топ-қарсыластармен жекпе-жек өткізуге мүмкіндік беруді сұрады, - деп хабарлайды "Спорт-Экспресс".
26 жастағы проспект - Хабиб Нурмагомедовтің інісі.
"Мен жаспын, мықтымын, жеңістерге ашпын, чемпион болғым келеді. Бүкіл дивизионды қырып-жоя алатынымды білемін. Маған жалғыз керегі - мүмкіндік", - деп жазды Нурмагомедов Twitter-де.
Айта кетейік, ресейлік файтер Лас-Вегастағы UFC on ESPN 38 турнирінде америкалық Нейт Манессті (14-2) төрешілер шешімімен (30-27, 30-25, 30-26) жеңген. Қазіргі уақытта ол UFC аса жеңіл салмағының рейтингінде 14-орында тұр.