Қазгидромет 1, 2, 3 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Күздің алғашқы күндері Қазақстан аумағының басым бөлігіне солтүстік антициклон ықпал етеді. Осыған байланысты бұлтты болады. Түнде елдің солтүстік жартысындағы кейбір жерлерде үсік жүреді. Сонымен қатар, күндіз ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды.
1-2 қыркүйекте солтүстікте, шығыста, орталықта солтүстік циклон және атмосфералық фронттар әсерінен түнде жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын, ал күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Алматы облысының таулы аудандарында да найзағай ойнап, қатты жаңбыр, бұршақ жауады. Солтүстік, шығыс, оңтүстік, оңтүстік-шығыста жел күшейеді. Елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында түнгі, таңертеңгі уақытта тұман болжанып отыр.
Ауа температурасы
Елдің батысында түнде ауа температурасы +10+18 градус болады, күндіз +25+30 градустан +28+33 градусқа дейін біртіндеп жоғарылайды.
Маңғыстау облысында түнде ауа температурасы +13+21 градус болады, ал күндіз +27+32 градустан +30+35 градусқа дейін жоғарылайды.
Солтүстік-батыс, солтүстік өңірлерде түнде ауа температурасы 0...+5 градус болады, кей жерлерде 3 градусқа дейін үсік жүреді, кейін +2+7 градус аралығын көрсетеді.
Шығыс және орталық өңірлерде түнде ауа температурасы 0...+5 градус болады, ал күндіз +12+25 градустан +15+30 градусқа дейін жоғарылайды.
Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде түнгі ауа температурасы +13+18 градустан +10+15 градусқа дейін, таулы аудандарда +5+10 градустан +3+8 градусқа дейін төмендейді. Күндіз ауа температурасы +20+25 градустан +18+23 градусқа дейін, таулы аудандарда +10+15 градустан +7+12 граусқа дейін өзгереді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова