Қыркүйектің аяғында ауа райы қандай болады?

Қыркүйектің аяғында ауа райы қандай болады?
Фото: depositphotos.com

Қазгидромет 29, 30 қыркүйекке және 1 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

29-30 қыркүйек аралығында республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз, ашық ауа райы болжанып отыр. 1 қазанда атмосфералық фронттар әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшейеді.

Түнгі, таңертеңгі уақытта тұман түседі. Елдің солтүстік жартысында 1-3 градус аяз сақталады.

Солтүстікте күндіз ауа температурасы +15…+23 градус болады. Оңтүстікте ауа температурасы +20…+25 градустан +15…+23 градусқа дейін төмендейді. Таулы жерлерде +10…+15 градустан +8…+13 градусқа дейін төмендейді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget