1 қыркүйектен бастап студенттердің стипендиясы көбейеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ҚР премьер-министрі Олжас Бектенов 2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап колледждер мен ЖОО студенттерінің стипендияларын арттыратын Үкімет қаулысына қол қойды.
"2025 жылғы 1 қыркүйекте шәкіртақы бакалавриат студенттеріне 20 пайызға, магистранттар мен докторанттарға 15 пайызға көбейеді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2020 жылдан бастап стипендияны көбейту бойынша жоспарлы жұмыс жүргізіліп жатыр. Соның нәтижесінде 2025 жылға қарай ЖОО мен колледж студенттерінің стипендиясы екі есеге, магистранттар мен докторанттар үшін 1,75 есеге өседі", - деп жазылған хабарламада.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!