Қазақстанда қыркүйекте 900-ге жуық шетелдік тұруға ықтиярхат алу үшін жүгінген. Бұл туралы ІІМ Көші-қон комитеті төрағасының міндетін атқарушы полиция полковнигі Аслан Аталықов мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсат алу үшін кез келген шетелдік өтініш бере алады.
"1-24 қыркүйек аралығында тұруға рұқсат алу үшін 896 шетелдік өтініш білдірді, оның ішінде 115 адам - Ресей азаматы. Тұрақты тұруға рұқсат алу үшін Қазақстанға заңды негізде келген кез келген шетелдік, оның ішінде Ресей Федерациясынан да өтініш бере алады. Шетелдік елге заңсыз келсе, онда тұруға рұқсат алу туралы сөз қозғалмайды. Тұрақты тұруға рұқсат беруден бас тартылатын жағдайдың барлық шарты "Халықтың көші-қоны туралы" заңның 49-бабында көрсетілген", - деді Аталықов онлайн-брифинг барысында.
Еске салайық, бұған дейін ресейліктер келуіне байланысты Қазақстан билігінің реакциясы туралы материал жарияланған болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!