Қыркүйекте қазақстандықтарды өте маңызды өзгерістер күтіп тұр. Massaget.kz тілшісі басты өзгерістерге шолу жасады.
2 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды. Президент жолдауында еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық даму перспективаларына қатысты мәселелер қамтылады.
1 қыркүйектен бастап студенттердің стипендиясы көбейеді:
1 қыркүйектен бастап жарық бағасы өспек. Бұған қатысты Энергетика министрлігі бұйрық жобасын әзірледі. Жоба Ашық НҚА порталында жарияланды. Егер жоба қолдау тапса, онда жарықпен қамтушы ұйымдар алғашында бағаны 8-ден 8,27 теңгеге көтереді. Одан кейін кВ/сағ 9,27 теңге болады.
Тариф "Астана-Энергия", "Алюминий Қазақстан", "Степнагор" жылу электр орталығы, "Жаңажол", "З-Энергоорталық" және "Қазақхро компанияларында өзгереді.
1 қыркүйектен бастап Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жанынан мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті жұмысын бастайды.
"Тамыздың соңына дейін комитет пен жергілікті атқарушы органдар барлық қажет заңды және техникалық рәсімді аяқтайды. Бұл еңбек заңнамасы сақталуына және қызметкерлердің құқығын қорғауға мемлекеттік бақылауды күшейтуге мүмкіндік береді", - деді бұған дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов.
Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап несие алу үшін міндетті түрде жұбайының рұқсаты қажет. Ол келісімді қашықтан да бере алады.
Енді несие беруші азаматтың жұбайы бар-жоғын азаматтық хал актілерінің ақпараттық жүйесі (АХАЖ АЖ) арқылы тексереді немесе несиелік бюролардан ақпарат алады.
Қыркүйекте мемлекеттік мерекелер атап өтілмейді. Сондықтан қазақстандықтар тек сенбі, жексенбі күндері демалады. Осылайша, бес күн жұмыс істейтіндер 9 күн, алты күн жұмыс істейтіндер 5 күн демалады.
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев "Қазақстанда 1 қыркүйек мереке күні болуы мүмкін бе?" деген сұраққа жауап берді.
"Мұндай ұсыныс жасауға тырысамыз, егер дәлел келтірсеңіз, мен де оған қосыламын. Менің ойымша, күнтізбеде қызыл күн ету - жақсы ұсыныс. Қоғам қолдаса, әрине, мен әрқашан "жақтаймын", – деп жауап берді Ғани Бейсембаев.
Ауа райы қыркүйектің бірінші онкүндігінде ғана жылы және бұлтты болады, содан кейін атмосфералық фронттар жиі өзгереді, салдарынан республиканың көп бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады.
Жаңбыр жауып, екпінді жел соғып, ауа температурасы жиі өзгеріп тұрады, ал солтүстік аймақтарда түнде -1-ге дейін аяз болуы мүмкін. Оңтүстік аймақтарда жоғары қысымды аймақтың әсерінен жауын-шашын нормадан аз болады деп болжанып отыр және температура салыстырмалы түрде жылы болады. Алайда бір ай ішінде температура біртіндеп төмендейді: түнде +15...+23 градустан +3 градусқа дейін...+10 градус, ал күндіз + 25...+35 градустан +15 градусқа дейін...+ 23-тен жоғары.
"Қыркүйекте ауа температурасы республиканың көп бөлігінде, батыста, елдің шығысы мен оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда нормадан 1 градусқа жоғары болады деп күтіледі. Қыркүйекте жауын-шашын мөлшері республиканың көп бөлігінде нормаға жақын және нормадан асады, елдің оңтүстік аймақтарында нормадан аз болады деп болжанады", - деп жазылған мәліметте.
Депутаттарға 2024 жылғы 1 шілде - 1 қыркүйек аралығында парламенттік каникул жарияланған еді. Қыркүйектен бастап депутаттар каникулдан оралады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!