- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қыркүйекте жаңа пандемия...
Қыркүйекте жаңа пандемия басталатыны рас па?
Дүниежүзілік экономикалық форум (ДЭФ) 2023 жылғы қыркүйекте жаңа пандемияның басталатынын болжап, құжат жариялағаны туралы хабарлама тарады. Reuters фактчекерлері мұндай құжаттың бар-жоғын анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Factcheck.kz-ке сілтеме жасап.
Әлеуметтік желі қолданушылары ДЭФ логотипі бейнеленген суретті таратып жатыр.
Көрсетілген құжатта "екінші пандемияның" екі кезеңі және кей "вирустың" қалай тарайтыны егжей-тегжейлі жазылған. Ондағы ақпарат бойынша, COVİD-19 пандемиясы да жоспарланған. Ал жаңа пандемияның бірінші кезеңі 2023 жылғы 13 қыркүйекте басталуы керек.
Фактчекерлер тапқан құжат фотосының ең ерте нұсқасы QAnon қастандық теорияларын қолдайтын "Ұлы ояну" форумында жарияланған.
2023 жылғы 18 қыркүйектегі жағдай бойынша да, құжатты ДЭФ жариялағанын растайтын ешбір дәлел де, жаңа пандемия туралы сенімді есеп те жоқ.
Дүниежүзілік экономикалық форумның БАҚ-пен байланыс бөлімінің басшысы Ян Зопф та бұл мәлімдемені "фейк ақпарат" деп атады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек