Raim лақап атымен белгілі әнші Райымбек Бақтыгереевтің бұрынғы сүйіктісі Наргиза Рамазанова екеуінің не үшін айырылысып кеткенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Наргиза Instagram-парақшасында айтты. Айта кетейік, TikTok-та көптеген адам Наргизаны белгілеп кеткен болатын. Желі қолданушыларының сөзінше, Райымбек пен Наргиза ұзақ уақыт бойы жүрген.
"Ең біріншіден, көп адам айтып жатқандай ол мені тастап кеткен емес. Екіншіден, иә, біз 7 жыл жүрдік. Ата-аналармен танысу болды, қыркүйекте той болуы керек еді. Бірақ бір нәрсе дұрыс емес болып кетті. Анық-қанығын айтпай-ақ қояйын. Мен оның ата-анасын сыйлағандықтан көп нәрсе айтқым келмейді. Ол арасында келетін. Онымен (Еркемен-еск.) қатар кездесіп жүрген. Бірақ мен екеуіміздің арақатынасымызды үзуге шешім қабылдағаннан кейін болған нәрселер. Ол ешқандай да опасыздық емес", - дейді Наргиза.
Оның сөзінше, көп адам Райымбек Наргизаға опасыздық жасады деп түсінген.
"Бәріне құрметпен қарауға тырыстым. Бірақ кейде адамдар артық кетеді. Болды. Менде бәрі жақсы. Бұл менің таңдауым. Бәрі менің пікір білдіргенімді күтіп отырды. Басқа ештеңе айтқым келмейді, айтқым келмеген де. Өз өмірім онсыз да қызық", - дейді Наргиза.
Еске салайық, бұған дейін Raim Ерке Есмаханмен арақатынасы туралы ақпаратқа нүкте қойып, сурет жариялаған болатын. Оның алдында Желі қолданушылары Ерке мен Райымбек кездесіп жүр деп топшылаған болатын.
Райымбек Еркемен түскен суретін Instagram-да жариялады. Осылайша, Raim Ерке Есмаханмен арақатынасы туралы қауесеттерді растағандай болған. Алайда әнші ешқандай пікір білдірмеген. Суретте Ерке мен Райымбек Римдегі Санта-Мария-делла-Салюте шіркеуінің алдында орналасқан мейрамханада тамақтанып отыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!