Қазақстанда қыркүйек айы жылы болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап.
Қыркүйек айына арналған ауа райы болжамына сәйкес, Қостанай, Солтүстік-Қазақстан, Ақмола және Павлодар облыстарында ауа температурасының орташа мәні нормаға сай болады, ал қалған өңірде 1 градусқа жоғарылайды деген болжам бар.
Сонымен қатар, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақмола облысының басым аумағында, Қостанайдың кей жерлері мен Шығыс Қазақстан және Алматы облысының таулы аймақтарында жауын-шашынның түсу мөлшері нормаға сәйкес болып, қалған аймақтарда нормадан төмен болады деген болжам жасалып отыр.