Әкімдіктер 64 мектептің құрылысын жыл соңына дейін аяқтауға тиіс. Бұл туралы Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
1 қыркүйекте 47 жаңа мектеп, соның ішінде "Келешек мектептері" жобасы аясында 20 мектеп ашылады.
"Үш ауысымды оқыту және орын тапшылығы мәселелерін шешуде оң үрдіс бар. Өңірлер 2026 жылдың соңына дейін тағы 64 мектептің құрылысын аяқтауы қажет", - деді Үкімет басшысы.
Премьер-министр 1 қыркүйекке дейін еліміздегі 106 мектепте жөндеу жұмыстарын аяқтау маңызды екенін мәлімдеді.
"Бірқатар өңірде 13 мектеп бойынша жұмыс қарқыны баяу. Олардың қатарында Алматы қаласы, Абай, Ақмола, Батыс Қазақстан және басқа да облыстар бар. Өңір әкімдеріне жөндеу жұмыстары уақтылы аяқталуын тікелей бақылауға алуды тапсырамын", - деді Олжас Бектенов.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!