- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қыркүйек айына ауа...
Қыркүйек айына ауа райы болжамы белгілі болды
Қыркүйек айына ауа райы болжамы белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қыркүйек айында республиканың басым бөлігінде ауа райы салқын және жауын-шашынды болады деп күтіліп отыр, тек республиканың батысында қыркүйектің басында ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады.
Қыркүйекте республиканың солтүстік жартысында жауын-шашын ай бойы жиі жауады, үзіліс 1-3 күнге созылады. Кей күндері республика бойынша қатты жаңбыр жауып, найзағай, бұршақ, екпінді жел болады. Еліміздің солтүстік жартысында жиі тұман болады.
Қыркүйектің бірінші онкүндігінде ауа температурасы:
- республиканың батысында түнде +8+15°С, күндіз +23+30°С;
- республиканың оңтүстік-батысында түнде +17+25°С, күндіз +28+35°С, тек кей күндері ауа температурасының шамалы төмендейді;
Ақтөбе облысында ауа температурасы түнде +3+10°С-тан +10+15°С-қа дейін, күндіз +17+25°С-тан +22+27°С-қа дейін; Қостанай облысында түнде +2+7°С-тан, топырақ бетінде үсік болуы ықтимал, +8+13°С-қа дейін, күндіз +10+18°С-тан +17+25°С-қа дейін ауытқиды деп күтіліп отыр.
Қазақстанның солтүстік және орталық облыстарында түнде +2+10°С дейін, топырақ бетінде 2° үсік болуы мүмкін, күндіз +8+15°С дейін суытады, онкүндіктің соңында ауа температурасы шамалы жоғарылауы мүмкін.
Республиканың шығысында ауа температурасы түнде +8+16°С-тан +2+7°С-қа дейін, онкүндіктің екінші жартысында үсік болуы мүмкін, күндіз +12+23°С-тан +17+25°С-қа дейін ауытқиды;
Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында күндізгі ауа температурасы +22+30°C-тан +17+23°C-қа дейін ауытқиды деп болжанып отыр.
Қыркүйектің екінші және үшінші онкүндігінде республиканың солтүстігінде, орталығында және шығысында түнде ауа температурасы +3+8°С, кей күндері үсік болуы ықтимал, күндіз ауа температурасы +12+19°С-тан +21+26°-қа дейін ауытқиды;
Республиканың батыс және оңтүстік облыстарында ауа температурасы түнде +7+15°С болады деп болжануда, топырақ бетінде үсік болуы мүмкін; күндіз +25+35°С-тан +15+23°C-қа дейін ауытқиды.
Үшінші онкүндікте солтүстік, орталық және шығыс облыстарда жаңбырдың соңы қарға айналуы мүмкін.
Бұл консультативтік болжам, оны нақтылау үшін онкүндік және апталық болжамдар шығарылады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина