Қырғызстанның экс-президенті Сооронбай Жээнбеков бұрынғы басшылардың кездесуі туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Жээнбеков Facebook-парақшасында жазды.
"Жақында Дубайда өткен кездесуді Садыр Нургожоевич Жапаров Қырғыз Республикасының президенті ретінде, ел бірлігін нығайту мақсатында ұйымдастырды. Ол кездесу мақсаты - елдегі келісімді нығайту, Қырғызстанды мықты мемлекет ретінде дамыту, халықтың өмірін жақсарту екенін атап өтті. Мемлекет басшысы қоғамды саясаткерлердің белгілі бір жақтастарына бөлуді өткенге қалдыруға шақырды.
Біз бұл асыл бастаманы мақұлдап, қабылдадық. Кездесудің соңына дейін барлық қатысушы толық құрамда болды және әрқайсымыз қолдау сөздерін айттық. Қырғыз Республикасы тәуелсіздік алған сәттен бастап біздің мемлекетімізде жақсы да, жаман да болды, жағымды да, жағымсыз да сәттер болды. Біздің тарихымызда болған қайғылы оқиғалар әрбір қырғызстандыққа әсер етті", - дейді экс-президент.
Сооронбай Жээнбеков бұл кездесуді жұртшылық екіұшты қабылдағанын айтады.
"Эмоция және заң тұрғысынан ойлар айтылды. Бұл біздің мықты азаматтық қоғамымыз бар екенін және халықтың ішкі бостандығы бар екенін тағы да дәлелдейді. Ел Президенті бұл әлеуетті дәл шығармашылық бағытқа бағыттауға шақырды", - дейді Жээнбеков.
Сооронбай Жээнбеков қазіргі ел президенті Садыр Жапаров Алмазбек Атамбаевпен кездесуін ұйымдастырғанын да растады.
"Иә, бұл ақпаратты растаймын. Ол екеуімізді (Жээнбеков пен Атамбаевты-еск.) татуластыру мақсатында бір үстелге отырғызды. Әрқайсымыз жеке ойымызды айтып, артынша қол алыстық. Екеуіміз де кез келген адам Құдайдың алдында жауап беретінін түсінеміз... Барлық адамды бірлікке шақырып, президент өз міндетін орындады. Енді біз, әрқайсымыз азаматтық парызымызды орындаймыз. Біздің күшіміз - бірлікте!", - дейді Жээнбеков.
Еске салайық, бұған дейін Алмазбек Атамбаев та Қырғызстанның экс-президенттерінің кездесуіне қатысты пікір білдірген болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!