Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев Дубайға ұшып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24.kg агенттігіне сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, экс-президенттің қасында ұлы Қадырбек бар. Олар Бішкектен сағат 6:34-те ұшқан. Алмазбек Атамбаев Дубайдан Испанияға емделуге аттанбақ.
Еске салайық, Қырғызстан Республикасының экс-президенті Алмазбек Атамбаев бостандыққа шыққанын хабарлаған едік. Оған Бішкек Первомай аудандық сотының шешімімен емделу үшін шет елге шығуға рұқсат берілді.
Алмазбек Атамбаев 2020 жылғы маусымда 11 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Ол Бішкек маңындағы колонияда жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды деген айыппен 16 жыл 8 айға сотталған қылмыс әлемінің авторитеті Азиз Батукаевтың мерзімінен бұрын түрмеден шығуына көмектесті деген айыппен сотталды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!