- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қырғызстанның екі облысында...
Қырғызстанның екі облысында сел жүрді
Қырғызстанның екі облысында сел жүрді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап.
Талас ауданында Қара-Суу, Көк-Қашат, Манас ауылдарының көшелері лайға толып, үйлердің аулаларын су басып жатыр.
Фото: 24.kg
Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі өкілдері бір күн бұрын, 22 сәуірде облыстың Айтматов ауданында сел жүргенінхабарлады. Оқиға орнына жедел топ жіберілді. Олар суды мотопомпа арқылы сорып шығарады.
Жалал-Абад облысының Бостон ауылында сел 42 тұрғын үйді басып қалды. Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, лай ағындары Бішкек-Ош жолының 510-шы шақырымын да басып кеткен.
Салдарын жою үшін жедел топ пен штаб құрылды. Оқиға орнына 122 құтқарушы жеткізілді. Тұрғындар қауіпсіз аймаққа көшірілді. Тазалық жұмыстары жүргізілді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Бөлек