Қырғызстанның білім және ғылым министрі Алмазбек Бейшеналиев аса ірі көлемде пара бопсалады деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды 24.kg сайты.
Басылым мәліметінше, Алмазбек Бейшенәлиев ақша алып жатқан жерінен ұсталған.
"Аса ірі көлемде - 110 мың доллар (52,5 миллион теңгеден аса) пара алу дерегі тергеліп жатыр. Шенеунік шетелдік студенттерді отандық жоғары оқу орындарына қабылдау үшін ақша талап еткен. Толық мәлімет тергеу нәтижелері бойынша беріледі", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!